Алматыда балық жемін өндіретін 5 зауыт салынады

3 Маусым 2022, 08:55
2155
Бөлісу:
Алматыда балық жемін өндіретін 5 зауыт салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, былтыр қазақстандықтар 128 мың тонна балық тұтынған. Оның 45 мың тоннасы отандық үлестің еншісінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал арнайы фермаларда өсірілгендері тіпті аз. Балық шаруашылығы комитеттің алға қойған мақсаты 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін 270 мың тоннаға жеткізу. Қазір балық шаруашылықтарын қолдаудың екі тәсілі бар.

Балық шаруашылығы субъектілері мына қондырғыларды, зауыттарды салып, тоғандарды қазып жаңағы ақша жұмсаса, соның мемлекет 25 пайызын өтеп береді. Бұл бірінші бағыт. Екінші бағыт ол жаңағы балық өсіру кезінде балық шабақтарын сатып алады, жемдерін сатып алады, дәрі-дәрмектерін сатып алады. Соған жемдерге 30 пайыз, ал қалған субсидия түрлеріне 50 пайыз мемлекет өтеп береді, - дейді ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбеков.

Сонымен қатар балықшыларға салынатын салық көлемі де 70 пайызға жеңілдетілген. Қазір республикада 300-ге жуық шаруашылық бар. Бұл 45 мыңнан астам өзен-көлі бар ел үшін өте аз көрсеткіш. Бүгін Алматыға арнайы шақырылған Түркия, Польша мен Өзбекстан кәсіпкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Біздің қазақ елінің азаматтарына балық өсірудің дұрыс екендігін, пайдалы екендігіне көз жеткізген жағдайда бұл дамиды деген ойдамыз. Негізгі тұтынып отырған балығымыз қазір қызыл балық. Ал оны өзіміз өсіре алатын болсақ бізде Каспийде өсіруге болады. Сонымен қатар біздегі форель үлкен деңгейде өсірсе соны алмастыруға болады. Сұраныс бар, ал Ресей мемлекеті үлкен сұраныс сұрап отыр қазір, - дейді кәсіпкер Марлен Тұрсынәлі.

Балыққа қажетті жем шетелден әкелінеді. Енді осы кемшілікті түзеу үшін елімізде балық жемін жасайтын 5 зауыт салу жоспарланып отыр. Импортты азайтудың тағы бір жолы осы. Сонымен қатар, Қапшағай, Балқаш пен Каспийде шарбақ әдісімен балық өсіру технологиясы қолға алынбақ.

Өзгелердің жаңалығы