Алматыда балаларға қол көтерген тәрбиеші өзіне қол жұмсады

28 Желтоқсан 2021, 14:39
1530
Бөлісу:
Алматыда балаларға қол көтерген тәрбиеші өзіне қол  жұмсады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда балабақшада балаларға қол жұмсаған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсап, бақилық болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті   1979 жылы туған Б.есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растады.

Қазіргі таңда Жетісу аудандық Полиция басқармасы  ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді полициядағылар.

Айта кетсек, кеше әлеуметтік желіде Алматы балабақшаларының біріндегі тәрбиешінің балаларды ұрып жатқан видеосы тараған еді.

Өзгелердің жаңалығы