Алматыда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

11 Мамыр 2020, 10:37
1305
Бөлісу:
Алматыда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 8503 тұрғын үйдің 23 454 кіреберісі және 4082 аула аумақтары бар. 

Барлық аудандар бойынша залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу олардың жалпы санынан күніне кемінде 33% қамти отырып, 3 күнге бөлінген. Сол арқылы үйлер мен аулалар аптасына 2 рет кесте бойынша залалсыздандырылады.

Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелері, Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, зерделі, 13 терр., 14 терр.

Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин көшесі, Жұбанов көшесі, Қабдолов көшесі, Алтынсарин көшесі, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12 ықшам аудандары,Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би көшесі, Тастақ-1 ықшам ауданы. 

Бостандық ауданы бойынша: Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесі аралығы.

Жетісу ауданы бойынша: Райымбек даңғылы – Жетісу көшесі – Рысқұлов даңғылы-Кудерин көшелері аралығы. 

Медеу ауданы бойынша: Самал-1, 2, 3 ықшам аудандары, Достық, 128, 132, 138, 160, 162, 158 мекен-жайлары, Төле би-Назарбаев – Мақатаев – Қайырбеков көшелерінің аралығы. Қайырбеков – Мақатаев көшелері кіші Алматыға дейін Төле би "Шығыс паркі" ТК-не дейінгі шаршы ауданы.

 Наурызбай ауданы бойынша: Хан-Тенгри ТК, Әл-Фараби ТК, Рахат ы/а (Арыстанбаб, Көкдала, Құлтөбе көш.), Қарғалы ы/а (Байдәулет, Райан, Редько көш.), Құрамыс ы/а (Сейдімбек к-сі).

Түрксіб ауданы бойынша: Жұлдыз-1, жұлдыз-2, Дунентаев, Алтай, Алтай-1, Алтай-2, Наманганская, Гризодубов, Захаров, Беринг, Әуежай, Майлин, Закарпатская, Ахметова, Огарёва, Монтажная, Нижняя Пятилетка, Бекмаханов, Спасская, К. Цеткин, Земнухов көшелері.

Өзгелердің жаңалығы