Алматы, BAQ.KZ. "Алматы спорты" әлеуметтік жобасы аясында балаларға шаңғымен сырғанау тегін үйретіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
Қазір 10-жастан 12 жасқа дейінгі тау шаңғысымен сырғанағысы келетін балаларды қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқыту 2-31 желтоқсан аралығында өтеді.
Әрбір балаға кәсіби нұсқаушылар төрт сабақ өткізеді. Сабақ екі ауысымда, 60 минут бойына жүретін болады: бірінші ауысымның сабағы сағат 8:00-де, екіншісі сағат 14:00-де басталады. Ұйымдастырушылар тарапынан шаңғы курортына дейін апаратын көлік және қажетті заттар (шаңғы, таяқтар, ботинкалар, шлемдер) ұсынылады, - делінген хабарламада.