Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтеді

4 Қыркүйек 2023, 14:13
763
Бөлісу:
Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтеді

Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында VIII халықаралық BAIQONYR кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фестиваль Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» фильмімен ашылады. Бұл режиссердің алғашқы толықметражды туындысы. Картина шетелдік фестивальде бірнеше марапатқа ие болған. 

Сондай-ақ BAIQONYR аясында жеке анимациялық кинофестиваль – ALMATY ANIMATION FESTIVAL өтеді.

Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» фильмінен басқа, Михаил Кулунаковтың «Соқпақ» фильмінің конкурстан тыс көрсетілімі болады. Екі режиссер де кезінде біздің қысқаметражды фильмдер байқауына қатысқан. Енді бізге толықметражды дебюттерімен қайта оралып отыр. Менің ойымша, бұл өте жақсы көрсеткіш, – дейді Baiqonyr кинофестивалінің бағдарламалық директоры Ержан Жұмабеков.

Кинофестиваль аясында ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы өтеді, оның жұмысына шет елден 20-дан астам маман қатысады. 

Бұдан бөлек 8 қыркүйек Корей анимациялық кино күні болмақ. Іс-шараға Оңтүстік Кореядан анимациялық режиссерлер Ли Сон Ган мен Им Черин келеді. Олар өз жұмыстарын көпшілікке ұсынып, көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар Черин дәріс оқиды, ал Ли Сон Ган қазақстандық жас авторларға шеберлік сабағын өткізеді.

Кинорежиссерлармен бірге K-pop музыкасының өсіп келе жатқан жұлдызы Пэк А Ён-де келеді, ол фильмдердің бірінде басты кейіпкерді дыбыстаған. 

Өзгелердің жаңалығы