Алматыда қайырымдылық шыршасы өтті

25 Желтоқсан 2019, 16:12
5058
Бөлісу:
Алматыда қайырымдылық шыршасы өтті

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыдағы Түрксіб ауданындағы 26 мектептің директорлары әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен тәуекел тобындағы балалар үшін қайырымдылық шыршасын өткізді.

Мектеп директорларының шырша мерекесі 1185 оқушыға арнап ұйымдастырылған. Мереке соңында Аяз ата оқушыларға директорлар мен мектеп әкімшілігі дайындаған  жаңажылдық тәтті сыйлықтарды таратты.

Мереке қарсаңында қала әкімі Б.Ә.Сағынтаев ауданымыздағы 20 оқушыға ноутбук сыйға тартты.  19 желтоқсан күні аудан әкімі П.С. Кулагиннің ұйымдастыруымен өткен шыршаға 185 бала қатысып, жаңажылдық тәттілерді сыйлыққа алды. Сонымен қатар, 2019 жылы 27 желтоқсанда "№17 ЖББМ" директоры А.Г. Абраменко аудан мектептерінің 104 оқушысына тәтті сыйлықтар табысталатын қайырымдылық шыршасын ұйымдастырады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы