Тергеу мәліметінше, қылмыс Бесағаш ауылында болған. Алдын ала сөз байласқан бірнеше адам автосалоннан Changan CS55 Plus маркалы көлікті айдап әкеткен.
Күдіктілер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
Кейін ұрланған автокөлік Түркістан облысының Жетісай қаласы аумағынан табылды. Көлік тергеу әрекеттері аясында тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.