Алматыда автобус жүргізушісі қарт әйелді қағып кетті

Алматының Медеу ауданында қоғамдық көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 видеодан скриншот 17 Қазан 2025, 17:29
17 Қазан 2025, 17:29
1092
Фото: видеодан скриншот

Алматының Медеу ауданында қоғамдық көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Зенков көшесінің қиылысында егде жастағы әйелді қағып кетті.

Полиция мәліметінше, рөлде жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі болған. Ол қиылысқа жақындаған сәтте жаяу жүргіншіні байқамай, 1950 жылы туған әйелді қағып өткен.

Әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Наверх