Алматыда автобус апатынан 1 адам қаза тауып, 11 жолаушы жарақат алды

30 Мамыр 2024, 20:35
605
Бөлісу:
Алматыда автобус апатынан 1 адам қаза тауып, 11 жолаушы жарақат алды
PHOTO
Фото: Алматы облыстық ПД

"Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 222 шақырымында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып қалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Болжам бойынша, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысқан.

Алматыда автобус апатынан 1 адам қаза тауып, 11 жолаушы жарақат алды

Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған автобустың екінші жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Он бір жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Бүгін, 30 мамырда "Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 222 шақырымында рейстік автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Өңір полициясы барлық жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді, – деді Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Алматыда автобус апатынан 1 адам қаза тауып, 11 жолаушы жарақат алды

Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы