Алматыда қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен тау бөктеріндегі құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындыларының ұсынымын орындау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалада жалпы ауданы шамамен 3 581 гектар болатын 2 054 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша 2 777 меншік иесі бар.
Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаменті Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау үшін тексеру жүргізуде, - деді қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин.
Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Бұдан өзгемемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі мен өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың нақты шекаралары бойынша деректер енгізілді.