Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ауа құрамын анықтайтын 350 құрылғы орнату жоспарлануда. Бұл туралы қалылық Жасыл экономика басқармасы хабарлады.
Бұл құрылғылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының класификациясы бойынша негізгі 6 элементті анықтайды. Оның қатарында күкірт доксиді (SO₂), азот доксиді (NO₂), көміртегі тотығы (CO), озон (O₃) және PM₂ˌ₅ мен PM₁₀ бөлшектері бар.Мамандардың айтуынша, құрылғыларды орнату арқылы ауадағы өзгерістерді күн сайын нақты біліп отыруға болады. Осылайша ауаға тарайытын зиянды қалдықтарды жылына 5% төмендетуге болады деген болжам жасалуда.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасымен қаланың экологиясын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар іске асырылуда. Мәселен, қоғамдық көліктердің құрамын 100%-ға өзгерту мәселесі ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды жылына 2,33мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.