Алматыда ауа райы бұзылады

12 Қаңтар 2021, 18:14
1256
Бөлісу:
Алматыда ауа райы бұзылады

Алматы, BAQ.KZ. Қазгидрометтің болжамы бойынша Алматыда түнде қар жауып, күндіз қалың қарға ұласуы мүмкін.

Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі тұрғындарға жолда абай болуға шақырады.

Қар тазалау жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы атқарулары үшін автокөлік жүргізушілерден қалада көлік қозғалысын барынша азайтуды, жеке көліктерін жол жиектеріне қоймауды, бұл іске түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қар тазалауға кедергі жасайтын көліктердің эвакуатормен басқа орындарға жіберілетінін ескертеміз, - делінген хабарламада.

Коммуналдық қызмет сондай-ақ көлікпен жүру өте қажет болған жағдайда жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және кенеттен маневр жасамауға, жол-көлік апатын болдырмауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы