Алматыда аты аңызға айналған боксшы із-түзсіз жоғалып кетті

25 Желтоқсан 2023, 10:11
2206
Бөлісу:
Алматыда аты аңызға айналған боксшы із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: youtube.com/@MoyaKaraganda

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Instagram-парақшасында отандық танымал боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтың жоғалып кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қоғам» еріктілер отрядының мәліметінше, 64 жастағы ер адам 14 желтоқсанда Алматыда жоғалып кеткен.

Алматыда аты аңызға айналған боксшы із-түзсіз жоғалып кетті

Назар аударыңыз! Нұрқазов Серік, 04.10.1959 – туған күні. 14.12.2023 күні Луганск көшесіндегі өз үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, оның қайда екені қазірге дейін белгісіз. Киімі: сұр түсті қалпақ, көк түсті күрте, ақ түсті жейде, қара түсті джинсы шалбар. Ерекшеліктері: шашы - ақ түсті, сақалы бар.  Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар мына нөмірге хабарласса деп өтінеміз: +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almaty, - делінген мәліметте.

Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында дүниеге келген:

бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері;

1983 жылы Римде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері;

1981 жылы Тамперада өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;

1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы;

КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

Алматы қалалық ПБ өкілдері қазіргі уақытта Медеу ауданының полиция басқармасы осы факт бойынша іздестіру ісін жүргізіп жатқанын хабарлады.

Жоғалған адамның қайда екенін анықтауға және оның отбасына оралуына бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізіліп жатыр, - делінген қалалық ПД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы