Алматыда әскери нысандардың қауіпсіздік мәселелері талқыланды

30 Наурыз 2022, 16:40
1371
Бөлісу:
Алматыда әскери нысандардың қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бітімгершілік дайындық орталығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Тыл бастығы және қару-жарақ басқармасы мен Америка Құрама Штаттары Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілдері жұмыс бабымен кездесті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат алмасу барысында әскери нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Қазақстан Қарулы күштерінің өкілдері оқ-дәрілердің техникалық жай-күйін есепке алу, сақтау, бақылау және бағалауды ұйымдастыру тәжірибесін зерделеп, материалдық мүлікті сақтау объектілерін салу және техникалық күзет құралдарын қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Қарулы күштерінде оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды, пайдалануға жарамсыз және одан әрі сақтауға қауіпті заттарды жою шараларын іске асыру жалғасуда.

 

Өзгелердің жаңалығы