Алматыда Ashyq жобасымен 5 мыңнан астам «қызыл» мәртебесі бар тұрғын анықталды

1 Қыркүйек 2021, 17:35
6430
Бөлісу:
Алматыда Ashyq жобасымен 5 мыңнан астам «қызыл» мәртебесі бар тұрғын анықталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифингте айтты.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры бұл жоба санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелерінде өзінің тиімділігін көрсететінін атап өтті. 

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша 2021 жылдың 9 сәуірінен 17 тамызына дейін сканерлеу нәтижесінде 5515 тұрғынның «қызыл», «сары» - 735 мәртебесі расталды. Жалпы 12 сәуірден бастап Қазақстанда 56 893 «қызыл» және 20 774 «сары» келушілер анықталды, яғни 77 600-ден астам адам карантинді бұзған. Ashyq жобасына қатысушыларды кеңінен қамтудың арқасында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыларды анықтау көрсеткіші 15 есеге өсті. Күн сайын республика бойынша «қызыл» мәртебесі бар 2000-нан астам келуші анықталады, - деді А. Қошмамбетов. 

Сонымен қатар ол 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 281 нысанның Алматыдағы жобаның көшбасшылары екенін айтты. Жетекші кәсіпорындар уақытша үлкен артықшылықтармен жұмыс істейтіні баршаға мәлім. Алайда, тіркелмесе, мәртебеден айырылу оңай. Алдымен статус 1 аптаға, қайталап бұзылған жағдайда - 2 аптаға және үшінші рет бұзылған жағдайда - 1 айға тоқтатылады.

Шектеу және карантиндік шараларды бұзған жобаға қатысушыларына әкімшілік шара қолданылып жатыр. Мәселен, Алматы қаласында «қызыл» мәртебесі бар 870 адамға жеке оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деді А. Қошмамбетов.
 

Өзгелердің жаңалығы