Алматыда арық желісінің мың шақырымнан астам бөлігі тазаланды

12 Наурыз 2022, 18:02
1791
Бөлісу:
Алматыда арық желісінің мың шақырымнан астам бөлігі тазаланды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда жалпы ұзындығы 1145,7 км арық желілері мен өткелдерді тазартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпан айының соңында қардың   жаппай еруінің алдында су басып қалу қаупін болдырмау үшін Алматы қаласы аудандары әкімдіктерінің мердігерлік кәсіпорындары жалпы ұзындығы 1145,7 км арық желілері мен өткелдерді тазартты, күн сайын 60-тан астам арнайы техника мен 300 қызметкер жұмылдырылды. 16 мың м3 қоқыс пен тұнба шығарылды.

Жауын-шашынның салдарынан наурыз айында жолдың жүріс бөлігі астындағы жерасты арық өткелдерінде тұрмыстық қоқыстың салдарынан арықтардан нөсер суларының құйылу жағдайлары тіркелді, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты нөсер суларының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін қала тұрғындары мен қонақтарына арық желісіне қоқыс тастамауды сұраймыз.
 

Өзгелердің жаңалығы