Алматы, BAQ.KZ. Алматыда үш адамнан тұратын пәтер ұрылары ұсталды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұрылар қаланың әр түкпірін кезе отырып, өзгенің пәтеріне кіріп, құнды заттарды жымқырып отырған. Қазір қала аумағында бұл үштік жасаған бес қылмыс тіркелген.
Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет еткен. Аулаларды аралап, көпқабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін бақылаған. Қылмыскерлер негізінен жұмыс күндері, адамдардың көпшілігі жұмыста болған кезде «жұмыс істеді». Олар кіреберістен кіріп, кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды нәрселердің бәрін алып отырған. Бұл қолма-қол ақша, кішігірім тұрмыстық техника және түрлі әшекейлер. Екеуі үйді тонап жатқанда, үшіншісі көлікте отырып қауіпсіздікті бақылаған, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Оның айтуынша, үшеуі де Алматы қаласы ПД КПБ арнайы тобының қызметкерлері, ҚР ІІМ жетінші басқармасы және Алматы қалалық ПД-нің «Арлан» жасағымен бірге жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұсталды.
Соңғы тонауда пәтерден алтын заттар мен ақша жоғалған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы миллион теңге. Ұсталғандар заттай айғақтардан құтылып үлгермеген. Ұрланған заттар ұрыларды тұтқындау кезінде тәркіленді және қылмыстық іске тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық трио мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.