Алматыда ақылы автотұрақтар әкімдік меншігіне қайтарылды

25 Сәуір 2022, 23:47
1579
Бөлісу:
Алматыда ақылы автотұрақтар әкімдік меншігіне қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ақылы тұрақтар коммуналдық меншікке қайтарлды, деп хабарлады әкімдік.

"Монополиясыздандыру және ықтимал шығынды өтеу мақсатында Алматы әкімдігіне компания иелерінен "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-нің 70% мөлшеріндегі үлесін және "Alan Parking" ЖШС-нің 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түсті", - делінген хабарламада.

"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС бірыңғай оператор ретінде қаланың 5 ауданында (Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб) орналасқан тротуар тұрақтарына қызмет көрсетуге маманданған. Әкімдікке осы ЖШС - нің 30% тиесілі.

"AlanParking" ЖШС 3 ауданда (Алатау, Бостандық, Жетісу) орналасқан алаңдағы автотұрақтарға қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай оператор болып табылады. ЖШС толығымен жеке меншікте болды.

Алматы әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғарыда көрсетілген компаниялардағы үлестерді қайтару туралы тиісті қаулы қабылдады. Бүгінде ақылы тұрақ жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді.

Қаулыға сәйкес, ақылы тұрақтар қызметінен түскен барлық кіріс 25 сәуірінен бастап қала бюджетіне бағытталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы