Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полициясы қай күндері апаттар жиі орын алатындығын айтты, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
Жыл басынан бері Алматы қаласында жарақаттанған адамдары бар 1 мың 446 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 46 адам қайтыс болды. Тағы 1 мың 718 адам жарақат алды.
Жүргізушілердің кінәсі салдарынан 1 мың 478 жол-көлік оқиғасы орын алып, 46 адам қайтыс болды.1 мың 709 адам жарақат алды. Балалардың қатысуымен 254 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Төрт бала қайтыс болды. 281-і жарақат алды, - делінген ведомство хабарламасында.
Жол-көлік оқиғаларының орын алуына ықпал еткен негізгі себептер:
– маневр жүргізу ережелерін бұзу – 489, 13 адам қаза тауып, 566 адам жарақат алды;
– қозғалыс жылдамдығын бұзу – 452, 24 адам қайтыс болды, 511 адам жарақат алды;
– реттелмеген қиылыста жүргізу ережелерін бұзу – 63, қайтыс болғандар – бір, жараланғандар – 72;
– қарама-қарсы бағыттағы көлік жолына шығып кету – 10, қаза тапқандар – бір, жараланғандар -23.
Жүргізушілердің кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері:
– жанама соқтығысу – 307, қаза тапқан – бес, зардап шеккендер – 406;
– жолай соқтығысу – 222, қаза тапқандар – алты, жараланғандар – 312;
– жаяу жүргіншіні қағу – 639, 20 адам қаза тапты, 640 адам жарақат алды;
– кедергіні қағу – 81, қаза тапқандар – тоғыз, жарақаттанғандар – сегіз;