Алматыда алма ағашын кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

7 Сәуір 2022, 16:18
1178
Бөлісу:
Алматыда алма ағашын кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде Медеу ауданында алма бағындағы ағаштардың кесілгені  туралы ақпарат тарады. Жасыл экономика басқармасы қалада алма бақтарын кесу фактісінің анықтағанын растады.

Мамандар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 5а мекенжай бойынша алма бақтарын кесуге қатысты ақпарат  анықтаған.

Бірден Медеу аудандық полиция басқармасымен, сондай-ақ мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жедел түрде оқиға орнына барды. Тексеруге барған кезде 21 алма ағашының кесілгені расталды. Осыған байланысты тексеру актісі жасалып, 500 АЕК шығын есептеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін Полиция департаментіне хат жолданды,-деді Жасыл экономика басқармасының өкілі Индира Андирова.

Сондай-ақ Медеу аудандық анықтау бөлімі ҚР ҚК 340-бабы бойынша «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қозғалған іс бойынша кінәсін толық мойындаған кезде жасыл екпелерді қорғау қағидалары бойынша осындай бұзушылық үшін жалпы пайдаланылатын жерлерде 1050 ағаш көлемінде өтемдік отырғызу көзделген,-деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы