Алматы әкімдігі «Бюджетке қатысу» жобасында кімдер дауыс бере алатынын айтты

12 Қараша 2020, 11:45
1487
Бөлісу:
Алматы әкімдігі «Бюджетке қатысу» жобасында кімдер дауыс бере алатынын айтты

 

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары Жанар Жазылтаева онлайн брифинг барысында кешеден бастап «Бюджетке қатысу» жобасына дауыс беру басталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жобаға Алматыда тіркеуде тұрған тұрғындар ғана дауыс бере алады.

Қаланы абаттандыруға арналған бұл жобаға Алматыда тіркеуде тұрған әрі кәмелеттік жасқа толған адамдар ғана дауыс бере алады. Бір адам өзіне ұнаған 3 жобаға дауыс беруіне болады. Тек 10 дауыс жинаған жоба ғана іске асырылады. Дауыс беру үрдісін жеңілдету үшін оны онлайн және қағаз түріндегі дауыс беру етіп жасадық,-дейді ол. 

Онлайн дауыс беру Open-almaty.kz сайтында 11-23 қараша аралығында жүргізіледі. Тұрғындар ол жерден өзі тұратын ауданды таңдап, сондағы жобалармен кеңінен таныса отырып дауыс бере алады. Ол үшін өзіңіздің ЖСН мен ЭСҚ-ны пайдалауыңыз керек.

2020-2021 жылғы «Бюджетке қатысу» жобасына қала тұрғындары 23,7 млрд теңге сомасындағы 796 жоба ұсынған. Соның ішінде 448 жоба дауыс беруге таңдап алыныпты, оның жалпы сомасы 10,7 млрд теңгені құрайды.

Жобаларды саралау кезінде 281-і дауыс беруге өтпеді. Себебі олар жобалық ұсыныс санатына сай келмеген, жалпыға ортақ нысан болмаған, кейбірі қала әкімдігінің құзыретінде емес, кейбір территориялар жеке меншік иелігінде. Сондай-ақ тағы 60 жобаны авторлар соңына дейін жетілдірмеген. Келіп түскен жобалардың басым көпшілігі аулаларда спорттых және балалар ойын алаңын орнату болды. Оның ішінде тренажер, футбол сияқты спорт алаңдарын құру және жарықтандыру бар,-дейді Жанар Жазылтаева. 


 

Өзгелердің жаңалығы