Алматыда ағаш ұстаханасы цехындағы өрт сөндірілді

10 Наурыз 2024, 22:32
387
Бөлісу:
Алматыда ағаш ұстаханасы цехындағы өрт сөндірілді
Фото: скрин

Бүгін сағат 19:18-де 112-ге ағаш ұстаханасы цехының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға Талғар ауданы, Гүлдала ауылында Кичиков көшесі бойында жеке тұрғын үйдің аумағында орын алған.

Сағат 19:56-да өрт оқшауланып және 20:14 сағатта жойылды. Ауданы 250 ш.м. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртке Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы