Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылау басталды

16 Тамыз 2024, 09:13
1593
Бөлісу:
Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылау басталды
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы қаласының тұрғындары қатысып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылау басталды

Мамандар атом энергиясының тиімділігін атап өтті. 

Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылау басталды

Басқа елдерде оның қалай жұмыс істеп жатқанын мысалға алып, ондағы қауіпсіздік шараларын айтты.

Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылау басталды

АЭС еліміздің энергетикалық қаруландыруында алатын орны ерекше. Бірақ оның техникасы, технологиясы өте күрделі екендігін барлығыңыз білесіздер, сезесіздер. Сондықтан сол күрделі мәселені жіктеп, зерттеу қажет. Осы сіздердің араларыңызда АЭС қажеттілігі мен қауіпсіздігін талдап беруге арнайы шақырылған мамандар бар, - деді модератор, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Борис Жапаров.

Кездесуде күн, жел энергиясына байланысты ірі жобалар Түркістан облысында, Қызылорда облысы мен Алматы, Шымкент, Маңғыстау қаласында жүзеге асырылатындығы айтылды.

Қазіргі уақытта көмірмен жұмыс істейтін станциялар 70%-ды құрайды. Олардың тозу деңгейі өте жоғары. Кейбір станцияның тозуы 50-70%- ға жеткен. Қазақстанда энергия тұтыну көлемі жылдан-жылға өсіп жатыр. Сол себептен Үкімет келесі онжылдықта 26 гВТ қуаттылығы бар стацияларды іске қосуды жоспарлап отыр. Себебі тозған станциялардың кейбіреулерінің қызметін тоқтату керек. Осы 26 гВТ ішінде жел электр станциялары, күн электр стациялары бар. Болашақта 10 мың МГБ жобалары іске қосылу жоспарланып жатыр. Бізде сондай-ақ газбен жұмыс істейтін станциялар салынатын болады. Ірі жобалар Түркістан облысында, Қызылорда облысы мен Алматы, Шымкент, Маңғыстау қаласында жүзеге асырылады. Әрине, қолданыстағы көмірмен жұмыс істейтін стацияларда жөндеу жүмыстары жүргізіледі. Алайда қазіргі уақытта Халықаралық экологиялық мәселесіне байланысты көмірмен жұмыс істейтін компанияларға қаржы бөлінбейді, - деді ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсіп Департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова.

Алматыда АЭС салу жобасына қатысты жария талқылау басталды
Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы