Алматыда Әділет департаментінің басшысы тағайындалды

22 Мамыр 2023, 14:07
1102
Бөлісу:
Алматыда Әділет департаментінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығымен Балайым Туғанбайқызы Кесебаева Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1966 жылы 23 сәуірде Шымкент облысы Киров ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

Талдықорған заң техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бакалавриаты.

1985-1988 жылдары-Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінің кеңсе меңгерушісі;

1994-1998 жылдары-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңесшісі, бас кеңесшісі, бас маманы, бөлім бастығы;

1999 жылдан 2002 жылға дейін-Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары;

2002-2004 жылдары-Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы;

2004 жылдан 2009 жылға дейін-ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің директоры;

2009 жылдан 2016 жылға дейін-Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы;

2016 жылдан-Мәжіліс депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы