Алматыда Абай даңғылы жабылады

7 Шілде 2023, 06:48
610
Бөлісу:
Алматыда Абай даңғылы жабылады
Фото: Арман Мухатов

Алматыда жолға асфальт төселуіне байланысты Абай даңғылы бойының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігі екі күнге жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 шілде сағат 23:00-ден 9 шілде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс толығымен шектеледі.

Айналма жол Есенжанов, Сәтбаев, Тілендиев, Брусиловский, Тұрғұт Озал көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Қозғалысты шектеу осы учаскеде полимерасфальтбетонды қолдануға байланысты. Ол 150-160 С температурада төселеді, қажетті беріктікке жету үшін қоспаны 40 градусқа дейін салқындату керек.

Әйтпесе қоспаның құрамы көлік жүктемесінің әсерінен бұзылады, бұл болашақта көшенің жарылуына әкеледі.

Жабын төсеу жұмысы түнде жүргізіледі, алайда жұмыстың сапасы нашарламас үшін бетті салқындату және тиісті қаттылық пен беріктікті жинау үшін орта есеппен 36 сағатқа шыдау керек.

Бұл мерзім әдетте, күндізгі уақытқа сәйкес келеді.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қала жолдарын жөндеу - олардың бізге ұзақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Сондықтан баратын бағытыңызды алдын ала белгілеп алуды өтінеміз, - деп ескертеді әкімдіктен.

Өзгелердің жаңалығы