Алматыда 55 сайлау учаскесінде тіркелмеген адамдар дауыс бере алады

20 Қараша 2022, 10:45
906
Бөлісу:
Алматыда 55 сайлау учаскесінде тіркелмеген адамдар дауыс бере алады
Фото: Фото: Алматы қалалық ӨКҚ

Қазақстан Республикасы Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығында Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова сайлаудағы белсенділік туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда барлығы 600 сайлау учаскесі ашылды. Оның ішінде алты сайлау учаскесі таңғы сағат 6.00-дан бастап жұмыс істеді. 55 сайлау учаскесінде тіркелмеген адамдар дауыс бере алады. Тағы бір ерекшелігі 68 сайлау учаскесі сайлаушылар дауыс берген бойда кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады. Алматыда с 1 сайлаушылар тізіміне 1 миллион 176 мың адам енген.

Барлығы 8 аудандық және бір қалалық сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанованың айтуынша, таңертеңнен сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі байқалады. Ол сайлаушы бюллетеньді өз бетімен толтыра алмаса, ол сенім білдірген адамның көмегін пайдалануға құқылы екенін айта кетті. Бірақ ол адам сайлау комиссиясының мүшесі, БАҚ өкілі немесе кандидаттың сенімді өкіл болмауы керек.

«Барлық сайлау учаскелерінде, соның ішінде халықаралық сайлау учаскелерінде де байқаушылар бар. 105-ші сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталды. Учаскеде сағат 6.00-де әнұран шырқалды. Дауыс беру сағат 6.00 мен 7.00 аралығында жүргізілген жоқ. Бұл учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6-да басталса, бұл туралы міндетті түрде білетін болар едік», - деді Жанна .Асанова.

Алматыда 43 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Олар үшін инватакси жұмыс істейді. №137 сайлау учаскесі мүмкіндігі шектеулі азаматтар дауыс беруі үшін компьютермен жабдықталған.

Өзгелердің жаңалығы