Алматыда 500-ге жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

25 Сәуір 2022, 14:52
1494
Бөлісу:
Алматыда 500-ге жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Алматы, BAQ.KZ. Бұл мәліметті жергілікті полиция қызметі «Жаяу жүргінші» іс-шарасының бес күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр.

«Жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 18 сәуірі мен 23 сәуірі аралығында шаһар аумағында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.  ЖАІ басталғалы бері 615-бап (жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына басқа да қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 476 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Сонымен қатар, ЖПҚ өткен тәулікте Абай даңғылында самокат тізгіндеген адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілгенін хабарлады.  Рейд барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында азаматтарға жол жүру ережелері түсіндіріліп, оларды мүлтіксіз сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Өзгелердің жаңалығы