Алматыда 42 нысан карантин ережелерін бұзған

<h4>Алматы, BAQ.KZ.&nbsp;20 маусым күні арнайы мониторингтік топ қала&nbsp;бойынша рейд жүргізіп, 42 нысанның карантин шараларын бұзғанын анықтаған.</h4>

 21 Маусым 2020 2020, 16:43
21 Маусым 2020 2020, 16:43
1529

Алматы, BAQ.KZ. 20 маусым күні арнайы мониторингтік топ қала бойынша рейд жүргізіп, 42 нысанның карантин шараларын бұзғанын анықтаған.

Кәсіпкерлік басқармасы, Санитарлық және эпидемиологиялық қызмет пен әкімдік өкілдерінен тұратын мониторингтік топ кеше кешкісін қаладағы жағдайды тексеру барысында 42 нысанның карантин ережесін бұзғанын анықтаған. Ережені негізінен қоғамдық тамақтану орындары бұзып отыр.

Алатау ауданында – 4 нысан, Алмалы ауданында – 10, Әуезов ауданында – 4, Бостандық ауданында – 13, Медеу ауданында – 10, Түрксіб ауданында – 1 нысан ереже бұзған.

Бұл нысандардың барлығына эпидемияға қарсы қаулы тағы да таныстырылды, сонымен қатар хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынған.

Наверх