Алматыда 40-қа жуық бала коронавируспен ауырып жатыр

2 Қараша 2021, 10:14
1514
Бөлісу:
Алматыда 40-қа жуық бала коронавируспен ауырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы індеттің таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында айтылды. Кеңес қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтті.

Белгілі болғандай, мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру, өлім-жітімді азайту және вакциналану қарқыны өзекті болып отыр.

Бүгінгі күні оңтүстік астананың инфекциялық стационарларда 1 039 адам, оның ішінде 35 бала емделіп жатыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 93 пациент емделуде. Мобильді медициналық бригадалар мен телемедицина орталығының бақылауына 2 124 пациент алынған.

Ахуалдың тұрақтануына және оптимистік болжам бойынша дамуға қарамастан, эпидемиологтар эпидахуалдың нашарлауы мүмкін екендігін ескертеді. Бұған Еуропа мен Ресейдегі эпидемиологиялық ахуалдың өрши түсуі, вакциналану қарқынының төмендеуі ықпал етуі мүмкін.

Індеттің жаңа толқынының қаупін азайту үшін алматылықтарға эпидемиологиялық талаптарды сақтау және вакциналану қажет. КВИ-ге қарсы вакцинаны екпе салуға жататын қала тұрғындарының жалпы санының кемінде 80%-ы алуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы