Алматыда 4 жасар қызды тепкен шетелдік екі айға қамалды

26 Шілде 2023, 10:05
759
Бөлісу:
Алматыда 4 жасар қызды тепкен шетелдік екі айға қамалды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы облысының сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде 4 жасар қызды тепкен 25 жастағы Түркия азаматы екі айға қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін кішкентай қызды тепкен ер адам тергеу изоляторына қамалған болатын. 

Бүгін Алматы облысы полиция Департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов осы іске қатысты түсініктеме білдіріп, шетелдік азаматтың екі айға қамалғанын айтты.

Кеше 25 шілдеде Қарасай аудандық Тергеу соты 1998 жылғы О. есімді азаматқа қатысты екі айға қамау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу 1996 жылғы К. есімді азаматтың арызы негізінде басталды. Аталған іс ҚР ҚК 293-бабы - "Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу" бойынша қаралып жатыр, - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Абдрахмановтың айтуынша, қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу Алматы облысы полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, 23 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданының сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде ер адам бүлдіршінді теуіп жіберді. Аталған қылмыс бір тәулікте әшкереленді. Кеше 4 жасар қызды тепкен шетел азаматы елден қуылатыны хабарланды. 

Өзгелердің жаңалығы