Алматыда 3 279 адам Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға өтініш білдірген

6 Желтоқсан 2021, 16:15
1162
Бөлісу:
Алматыда 3 279 адам Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға өтініш білдірген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыру бойынша алдын ала тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қаладағы 3 емхана арнайы дайындалған.

Осы сәтке дейін 3 279 адам Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға өтінім берді. Вакцина салу жұмыстары Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген кезде басталады, – деді ол.

Сонымен қатар ол ақылы түрде салынатын вакцинаның бағасы әлі ресми бекітілмегенін, ол үшін Денсаулық сақтау министрлігінен бұйрық күтіп отырғандарын жеткізді.

Вакцина алуға өтінім берген адамдардың барлығы егде жастағы әрі бұған дейін коронавирусқа қарсы ешқандай вакцина алмаған жандар. Ревакцинация бойынша ешкім жүгінген жоқ, – деді Лаура Мырзағали.

Өзгелердің жаңалығы