Алматыда 30 жыл бойы жұмыс істемеген велотрек жөнделді

5 Мамыр 2019, 12:41
2298
Бөлісу:
Алматыда 30 жыл бойы жұмыс істемеген велотрек жөнделді
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы орталық Мәдениет және демалыс паркінде заманауи велотрек ашылды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонау 1979 жылы салынған нысан 30 жыл бойына жұмыс істемеген. Алматы әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы және Samruk-Kazyna Trust қорының демеушілік қолдауы арқасында велотректі реконструкциядан өткізді.

Салтанатты шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек және «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ-ның төрағасы Ахметжан Есімов қатысты.

Жоба бойынша арнайы төсеніші бар жолдар жасалған, мұнда скейт-парк, дерт-трек, памп-трек, модульді бөлмелер, 200 орынды көрермен трибунасы бар. Жасылдандыру жүргізіліп, 150 ағаш отырғызылған.


Алматыда 30 жыл бойы жұмыс істемеген велотрек жөнделді


Нысан велоспортты дамыту және бұқараға кеңінен таныту мақсатында белсенді түрде пайдаланылады. Велотректе қаланың спорт мектептерінің оқушылары үшін сабақтар өткізу, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар балаларының велоспортпен тегін шұғылдануы, түрлі жарыстар мен спорттық шаралар ұйымдастыру, Apple Team велокомандасын дайындау жоспарланған.

Бұрын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Орталық парктің өзі жаңарған еді. Басқарушы компания инвестиция ретінде 1,6 млрд теңге жеке қаржысын жұмсап, жаңа субұрқақтар, балалар мен спорт алаңдарын салды. Жарық бағаналары, асфальт төсеніштер, тротуар плиткалары жаңарды, навигация орнатылды.

Парктің тура ортасынан орын алған бұрынғы автомобиль тұрағының орнына спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол, футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром салынды.


Алматыда 30 жыл бойы жұмыс істемеген велотрек жөнделді


Жазғы сахнаның шығыс жағына алма ағашын бейнелейтін жаңа фонтан пайда болды. Сонымен бірге, 10 жыл бойына жұмыс істемеген субұрқақ жөнделді.

Айта кетерлігі, қалалықтардың талқылауынан өтіп, 2015 жылы қабылданған «Алматы-2020» даму Бағдарламасы аясында мегаполистің тарихи орталығының 60%-ы жөнделді, 600 жуық көше мен 1400-ден астам ескі аулалар жаңарды. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға көшірілді, 300 км арық және 2000 км инженерлік желілер ауыстырылды, тартылды. Қаланың барлық жерасты өтпелі жолдары жаңарды.


Алматыда 30 жыл бойы жұмыс істемеген велотрек жөнделді


«Биылғы жылы қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50%-ын қамтитын тағы 600-ден астам аула жөндеу жоспарланған. 120-дан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұлардан өзге қаланың 14 ықшам ауданында 456 жаңа көше салынады. Шет аймақтарда бірқатар парк, сквер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қалада қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 120-дан астам көшеге жаңа LED- шамдары орнатылады», - делінген ведомствоның хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы