Алматы полициясы бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін 3 мыңнан астам адамды ұстады, оның 150 - ден астамы шетелдіктер, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Алматыда 2023 жылы бөтен мүлікті ұрлау саны 36,8% - ға қысқарды, оның ішінде пәтер, қалта, автокөлік салондарынан ұрлау және т. б. Бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін 3 мыңнан астам адамды ұстады, оның 150 - ден астамы шетелдіктер. Сонымен қатар, полицейлер 118 пәтер ұрлығын жасаған 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Сондай-ақ, құлыпты бұзу, әйнекті сындыру және бөлшектеу арқылы автокөліктерді ұрлаумен айналысатын 17 топ ұсталды, – дейді Салтанат Әзірбек.
Салтанат Әзірбек пәтер ұрлығы көбінесе қауіпсіздік іс-шарасы жасалмаған жерде болатынын атап өтті.
Көбінесе 1-2 қабаттағы пәтерлерде тұратын адамдар терезені ашып кетеді. Бұл жағдайда терезелер торлармен жабдықталмаған. Сондай-ақ, ұрылар әлеуметтік желілерді бақылап отырады, иелері демалысқа кеткенін сол жерден біліп отырады. Адамдар өздері «біз 10 күннен кейін боламыз» деп демалысқа кеткендерін аңдамай хабарлап отырады, - деді ол.