Алматыда 270 адамнан коронавирус анықталды

9 Сәуір 2024, 10:55
6746
Бөлісу:
Алматыда 270 адамнан коронавирус анықталды
Фото: BAQ.KZ -архив

Жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 270 адам анықталды, оның 88,5% -ы өздігінен қаралған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 270 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 30 жағдай, жасөспірімдер арасында – 6 жағдай, ересектер арасында – 234 жағдай. Тіркелген 270 жағдайдың ішінен. Өздігінен қаралғандар – 239 жағдай (88,5%); профилактикалық мақсатта – 18 (6,7%); эпид көрсеткіштер бойынша – 13 жағдай (4,8 %),- дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы