Алматыда 27 бизнес нысан «Ashyq» мобильді қосымшасын сынақтан өткізіп жатыр

5 Наурыз 2021, 17:45
1432
Бөлісу:
Алматыда 27 бизнес нысан «Ashyq» мобильді қосымшасын сынақтан өткізіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте «Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер қолданып жатқанын айтты.

Брифинг барысында Бекшин Білім беру нысандарының қызметіне қатысты екі Қаулыға және «Ашық» пилоттық қосымшасына наурыздың 2-сі күні қол қойылғанын атап өтті.

 

Алматы қаласы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Алматы қаласының кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты іске асыру туралы»  қаулы шықты. Осыған байланысты «Ashyq» пилоттық жобасын келесі кәсіпкерлік нысандарда іске асыру тапсырылды. Олар: фитнес-клубтары, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар және боулинг клубтары,-деді ол.

 

Құжатқа сәйкес, «Ashyq» қосымшасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қызметі мынадай талаптарды сақтай отырып қамтамасыз етуі қажет: біріншіден, компьютерлік клубтарға олардың «сары» аймақта болған және толымдылығы 50%-дан аспайтын кездегі жұмыс режимі 12:00-ден 24:00-ге дейінгі кезеңде шектелуі тиіс, ал «жасыл»  аймақта болған кезде «сары» аймақтағы сияқты жұмыс режимімен толтырылу 75% - дан аспауы керек.

Айта кету керек, «Ashyq» қосымшасын пайдалану бизнес қауымдастық өкілдері үшін бірқатар маңызды артықшылықтарды ұсынады. Мысалы, Алматы қаласы «қызыл» аймақта болған жағдайда осы мобильді қосымшаны пайдаланатын объектілер «сары» аймақтың жұмыс режиміне сәйкес жұмыс істейтін болады. Егер қала «сары аймаққа» ауысса, онда кәсіпкерлік нысандары «жасыл»  аймақтың кестесі бойынша жұмыс істейді.

 

Қазіргі уақытта бұл қосымшаны 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде. Олардың ішінде 10 кафе мен мейрамхана иелері, 15 фитнес-орталықтары, СПА және бассейн өкілдері де бар. Ендігі кезекте ноу-хауға қосылғысы келген төрт боулинг орталығының басшылары тұр,-деді Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы