Алматыда 2010 жылдан бері іздеуде болған адам ұсталды

21 Ақпан 2024, 16:06
1184
Бөлісу:
Алматыда 2010 жылдан бері іздеуде болған адам ұсталды
VIDEO
Фото: Алматы қаласының прокуратурасы

Алматыда «ІЗДЕУ» жедел-алдын-алу іс-шарасы аясында 84 іздеудегі қылмыскер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында оңтүстік астанада «ІЗДЕСТІРУ» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

Нәтижесінде іздестіріліп жатқан 84 қылмыскер анықталды, олардың 27-сі өткен жылдардағы.

Мысалы 8 ақпанда Алматы облысы Бақанас ауылында Бостандық ауданы бойынша Қытай мен Сингапур азаматтарына қарақшылық жасағаны үшін іздеудегі адам ұсталды.

Сондай-ақ өлімге әкеліп соққан адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 2010 жылдан бері іздеудегі адам ұсталды.

Сонымен қатар мегаполисте басқа өңірлерде іздестіріліп жатқан 22 қылмыскер ұсталды, 17 хабар-ошарсыз кеткен азамат анықталды.

Іздестіріліп жатқан адамдар туралы ақпаратты +7- (727) - 265-03-03, +7- (707) - 415-72-29 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы