Алматыда 2004 жылдан бері заңсыз жүрген Пәкістан азаматы анықталды

26 Қаңтар 2021, 11:40
1247
Бөлісу:
Алматыда 2004 жылдан бері заңсыз жүрген Пәкістан азаматы анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Келімсек» іс-шарасы кезінде полиция 1,5 мыңға жуық шетелдікті тексерді. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, жедел алдын алу іс-шарасы 14 қаңтарда басталды. Ол Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы саласындағы бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтің айтуынша, рейд кезінде шетелдіктер болуы мүмкін нысандар мен олардың уақытша тұру орындары тексерілген. 

Жалпы алғанда, осы күндері көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өзге елдің 1 мың 417 азаматын тексерді. Нәтижесінде 57 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын анықтау мақсатында 70 шетелдік азамат ПД қабылдау орталығына орналастырылды. Сонымен қатар біздің отандастарымыздың ішінен қабылдаушы 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы төрешілерінің шешімдері бойынша көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 11 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, – дейді ол. 

Құқық бұзушылар қатарында 2004 жылдан бері Қазақстанда заңсыз жүрген және осы фактіні мұқият жасырған 1962 жылы туған Пәкістан азаматы бар.

Өзгелердің жаңалығы