Алматыда 200-ден астам адам мобильді жылжымалы пункт қызметіне жүгінген

21 Тамыз 2020, 23:04
1029
Бөлісу:
Алматыда 200-ден астам адам мобильді жылжымалы пункт қызметіне жүгінген

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге, әсіресе жастардың жұмысқа орналасуына ерекше көңіл бөліп келеді. 

Осы мақсаттар үшін Алатау ауданының Нұркент шағын ауданында (Атлетикалық ауыл) қала халқын Жұмыспен қамту орталығы, Атамекен ҰКП және мобильді жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған Жастар ресурстік орталығы қызмет етуде.

 18 тамыздан бері Алатау ауданының Жастар ресурстік орталығының базасында мобильді жылжымалы пункт қызмет етеді, онда жастар жұмысқа тұру сұрақтары бойынша кеңес ала алады.
Алатау ауданының Жастар ресурстік орталығын мысалға ала отырып, біз жас мамандардың жұмысқа тұруына көмек көрсетуде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстық.

Как сообщает заместитель акима Алатауского района Алматы Әсел Бисенбаева, в данном пункте жители района могут получить консультативную поддержку, трудоустроиться, получить информацию о грантах, всевозможных программах поддержки.

Алматы қаласының Алатау ауланы әкімінің орынбасары Әсел Бисенбаева хабарғандай, аталған пунктте аудан тұрғындарына жұмысқа тұру, гранттар туралы ақпарат алу, барлық мүмкін қолдау бағдарламалары жөнінде кеңес беру түрінде қолдау көрсетіледі. 

Осы жылдың 3 шілдесінен бастап Алматыда  жастар ресурстық орталығы өз жұмысын бастады. 18 тамыздан бастап,  Орталық базасында  қаланың барлық аудандарында мобильді жылжымалы пункт жұмыс істейді.  Онда жастар жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес ала  алады. 
Жастар инновациялық және шығармашылық әлеуетке ие халықтың белсенді тобы, алайда өз жастарының күшіне қарамай осы немесе басқа салаларда кәсіби қызметте тәжірибелері жеткіліксіз болып жатады. Сол себепті жұмысқа тұру, жастардың еңбек нарығында кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттіліктерін қолдау және дамыту мәселелері маңыды және стратегиялық басымдық болып табылады. Алматы қаласының әкімдігі халықты, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөледі. Жастар халықтың экономикалық белсенді бөлігі болып табылады. Шығармашылық әлеуетке ие, бірақ өз жасына байланысты практикалық тәжірибесі жоқ. Сондықтан жұмысқа орналастыру, жастардың нақты қабілеттерін дамыту мәселесі маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Ол үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары және орта оқу орындарының түлектеріне алған мамандықтары бойынша практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді, – деді Әсел Бисенбаева.
Оның айтуынша, бұл жерде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы маңызды орында. Аталған бағдарлама аясында жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің алған мамандықтары бойынша практикалық тәжірибе алулары үшін айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

Алатау ауданында 5 күнгі жұмыс кезінде жастардың жұмысқа орналасуы бойынша жылжымалы пунктке 200-ден астам адам келген. Барлығына түсіндіру жүргізілген, олардың нәтижесі бойынша 85 адам қоғамдық жұмыстарға орналасуға тілек білдірген, және 50-ге жуығы жастар тәжірибесіне жолдама алу үшін Жұмыспен қамту орталығына барған. Жалпы, Алатау ауданында жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2500-ден астам жұмысқа орналасқан, соның ішінде жастар тәжірибесіне. 
Жастар практикасына дипломы бар жасы 29-ға дейінгі және оқу орнын соңғы үш жыл көлемінде бітірген азаматтар қатыса алады. Жас мамандар тәжірибені өндірісте, мемлекеттік органдарда, қаржылық құрылымдарда, білім беру  және медицина ұйымдарында ала алады, – деп толықтырды Әсел Бисенбваева.
Өзгелердің жаңалығы