Алматыда коммуналдық қызмет қар шығару жұмыстарын жалғастырып отыр. 6 ақпан күні қала аумағында 6 см қар жауса, таулы аймақтарда қар қалыңдығы 10 см-ге дейін жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Автокөліктің емін-еркін қозғалысын қамтамасыз ету және көше-жол желісін уақытылы тазалау мақсатында коммуналдық қызмет күшейтілген дайындық режиміне көшірілді. Бұл жұмысқа 2,2 мың жол саласы жұмысшысы тартылып, 1,3 мың бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Тротуарлар мен қоғамдық орындарды тазалауға 95 шағын габаритті техника тартылып, көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Таулы аймақтарда қар күреуге арналған үш колонна жасақталды.
Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Қар шығару мәселесі бойынша тұрғындар Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдауы — Open Almaty-ге хабарласа алады:
- 1308 нөмірі арқылы;
- Facebook және Instagram желілеріндегі @openalmaty ресми парақшалары арқылы.
- Әлеуметтік желілер арқылы түскен өтініштер жедел түрде қабылданып, қаралады.