Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің 14-қабатынан 19 жастағы қыз құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көп ұзамай куәгерлер жасаған оқиғаның жазбасы желіде пайда болды.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға фактісін растады, алайда мән-жайын жарияламады.
Марқұм болған қыз 19 жаста болғаны белгілі.
Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп атап өтті Алматы ПД баспасөз қызметі.