Бүгін 17 жастағы үш турист Алматы облысы Қарасай ауданында тауға шығып, түсер жолда қиындыққа тап болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таудан түсіп бара жатқан кезде олардың біреуі өзін нашар сезініп, жолды жалғастыра алмаған кезде, жасөспірімдер ТЖМ-нен көмек сұрауға шешім қабылдады.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аумақты жақсы біліп, кәсіби дағдыларының арқасында қалық тұманға қарамастан жасөспірімдерді "Туристер шыңы" етегінен тез тауып алды, - деп жазылған хабарламада.