Алматыда 142 қандас Қазақстан азаматтығын алды

18 Наурыз 2021, 16:12
1819
Бөлісу:
Алматыда 142 қандас Қазақстан азаматтығын алды

Алматы, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Алматыда 142 қандас Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады.

Алматы қаласы көші-қон қызметінің мәліметі бойынша, 2020 жылы 731 қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, ал осы жылдың екі айында бұл көрсеткіш 142-ні құрайды.

Бұл - негізінен Қытай мен Өзбекстаннан келгендер. Бұл жерде азаматтық алудың оңайлатылған түрі республикада осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп келе жатқанын атап өту маңызды. Енді қандас бір уақытта құжаттарды және сәйкесінше тұруға ықтиярхат алу үшін де, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға да өтінішті бере алады. Орташа алғанда, қарастыру мерзімі шамамен үш айға созылады, – дейді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Бұл мүмкіндікті Қытайдан келген 21 жастағы Ерсін Ақиқат пен 30 жастағы Арай Сыдық пайдаланды. 

Біз өз Отанымызға оралдық. Маған жеке куәлікті ұлттық мерекеміз Наурыз мейрамы қарсаңында тапсырғаны көңілге қонымды. Мен мұны жоғарыдан берілген белгі деп санаймын, – деді Арай Сыдық. 
Көші-қон қызметі қызметкерлеріне түсіністік пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Бүгін мен азаматтық алдым – мен оған өте қуаныштымын, – деді өз кезегінде Ерсін Ақиқат.

Өзгелердің жаңалығы