Алматыда 135 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазылды

21 Қазан 2022, 09:36
892
Бөлісу:
Алматыда 135 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазылды

ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Топ мүшелері 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазып, контрагенттер-сатып алушылардың бюджетке төленбеген салық түрінде мемлекетке 39 млрд теңгеге жуық шығын келтіргені анықталды.

Сондай-ақ, тергеу барысында контрагент-сатып алушылардың бақылаудағы компаниялардың банктік шоттарына түскен қаражаттары шетел компанияларымен жалған шарттар жасасу арқылы республикадан тыс жерлерге шығарылғаны, онда шетел валютасындағы қайтарылмаған қаражаттың сомасы 6,6 млн АҚШ долларын құрағандығы анықталды, - делінген ӨМА таратқан хабарламада.

Сот үкімімен бес айыпталушының барлығы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды. Тәркіленген 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.

Өзгелердің жаңалығы