Алматыда 13 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

22 Сәуір 2024, 11:42
2722
Бөлісу:
Алматыда 13 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыдағы тұрғын үйдің паркингінде 13 жасар қыз зорланған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, ер адам ТК-де жөндеу жұмыстарын жасаған. 

20 сәуір күні "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінің паркингінде 13 жасар қызды зорлап кеткен. Тұрғындар шу шығарып, ақ футболка киген күдікті жігітті өздері іздей бастады. Ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, паркингте қылмыс жасаған, – делінген жазбада. 

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жағдай анықталып жатыр, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы