Алматыда 12 мыңнан астам көшет отырғызылады

18 Наурыз 2019, 20:10
2360
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі қаланы көгалдандыру жөніндегі жұмыс жоспарымен бөлісті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың көктем мезгілінде 12 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Ағаш отырғызу «Алматы қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде және аудандық әкімдіктердің бастамасымен жүргізіледі.

"Ағаш егу жұмыстары вегетациялық кезеңде, наурыздан бастап мамыр айы аралығында жүргізілетін болады. Сәндік-гүлді көгалдандыруға қатысты, 2019 жылы бір жылғы гүлдердің, сондай-ақ көпжылдық гүлдердің көшеттерін егу жоспарланған. Өткен жылдармен салыстырғанда, егілетін көшет түрлері 15-тен 30-ға дейін артатын болады. Бұл бір жылғы гүлдер: тагетес, бегония, цинерария, сальвия, циния, катарантус, целлозия, гацания және т.б. гүлдер,  көпжылдық гүлдер: астильба, арендса, бұталы қашқаргүл, үшкір сарыандыз, нүктелі талқұрай, қабыршық гүл, гибридті монарда және т.б", - делінген таратылған хабарламада.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін 5 жыл мерзімге әріптестермен шарттар жасалған.

"Соның нәтижесінде, гүлдер егілетін аумақтың көлемі 85 мыңнан 125 мың шаршы метрге дейін артатын болады. Сонымен бірге, гүлдер композициясы бар тік-гүлді көгалдандырудың конструкциялары да өз орындарын табады. Бұл тік-гүлді көгалдандырудың 5314 дана элементі, олар магистральдардың жол бөлу жолақтарын, көлік жолайрықтарының ашық жасыл аймақтарын және қаланың басқа да жерлерін безендіретін болады", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы