Алматыда 12 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады

16 Қыркүйек 2020, 15:14
1238
Бөлісу:
Алматыда 12 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданының жаңа ықшам аудандарында салынып жатқан сумен қамту және суды бұру желілерінің, жолдардың, көше жарығы құрылыстарының қарқынын тексерді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында мегаполистің аудандарына жасаған жұмыс сапары туралы үнемі айтып келеді.  

Мұнда қала әкімі жолдардың, инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыстарына, аумақтардың абаттандырылуына және тұрғындардың әлеуметтік өтінімдерінің шешілуіне айрықша назар аударады.

WhatsApp Image 2020-09-16 at 14.36.50.jpeg

Қалаға қосылған кенттердің тұрғындары, енді бұл ықшам аудандар, бірнеше жылдан бері коммуналдық-тұрмыстық жағдайдың жақсаруын күтті. Қала тұрғындарының өтініштерін ескеріп, өткен жылы шет аймақтарды дамытуға бағытталған «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын әзірледік, - деп жазды Сағынтаев.

Кешенді жоспардағы міндеттердің қалай іске асып жатқанымен қала әкімі Түрксіб ауданына жасаған жұмыс сапары барысында танысты. Мұнда бірден үш ықшам ауданда – Қайрат, Әлмерек пен  Нұршашқанда жыл соңына дейін 150 шақырымнан астам сумен қамту және суды бұру желілерін салу жоспарланған. Сапалы ауыз сумен 12 мың тұрғын қамтамасыз етіледі. Желілер төселгеннен кейін жол жамылғысы да ретке келтіріледі.

WhatsApp Image 2020-09-16 at 14.36.51 (1).jpeg

Бұлардан өзге, оның мәліметі бойынша, Әлмерек, Қайрат, Маяк, Жас Қанат, төменгі Пятилетка, Нұршашқан сияқты алты ықшам аудандағы 614 көшеге сыртқы жарық жүйелері орнатылады.

WhatsApp Image 2020-09-16 at 14.36.50 (1).jpeg

Аудандағы 12 көшедегі 9,3 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өткен. 2021 жылы Нұршашқан ықшам аудандағы 25 көшеде 5,1 шақырымға жететін жаңа жол салу жоспарлануда. Қала тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту жұмыстары жалғасуда, - деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы