Алматыда 101 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

26 Маусым 2020, 16:35
1569
Бөлісу:
Алматыда 101 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг барысында ҰБ-ның алтыкүндік қорытындысын баяндады.

Оның айтуынша, Алматыда ҰБТ басталғалы 3 063 түлек тест тапсырған, бұл қатысушылардың 92% құрайды. Олардың 1 562-сі шекті балды жинай білген. 240 түлек 100 балдан жоғары жинаған. 30 түлек 120 балдан жоғары жинаса, 7 түлек 130 жоғары балл жинаған. Биыл тестке кіру қатаңдатылғанын ескерткім келеді. Кірер кезде түлектерден тыйым салынған заттарды алып кірмеуі тексеріледі. Оның қатарында байланыс құралдары, шпаргалка бар. Егер осы заттар табылса,  хаттама толтырылып, түлек биыл тест тапсыруға жіберілмейді. Одан бөлек 25 тамызға дейін тест тапсыру кезінде түсірілген бейнетаспа қаралады. Егер қатысушының тыйым салынған затты қолданғаны анықталса оның тест нәтижесі жойылады. Мұндай ескертулер бұған дейін де айтылып келді. Алайда ҰБТ жұмыстары басталған 6 күн ішінде  қала бойынша 101 түлек ережені бұзғаны үшін тесттен шығарылды, - дейді Жұманов. 
Сонымен қатар, ол ҰБТ тапсыру кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталғанын және келген түлектердің ешқайсысында дене ыстығы болмағанын жеткізді.

Айта кетсек, Алматы қаласында 14 972 адам ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген, оның 9 300-і мектепті биыл бітірген түлектер.

Өзгелердің жаңалығы