Алматыда 100 жастағы науқас коронавирустан емделіп шықты

10 Ақпан 2022, 22:05
1461
Бөлісу:
Алматыда 100 жастағы науқас коронавирустан емделіп шықты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы И. Жекенов атындағы клинникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 5 ақпан күні  жөтел және әлсіздікпен ауыр халде түсті. Дәрігерлердің айтуынша, науқас бірден интенсивті терапия бөлімшесінде ем алып, динамикасы жақсарған.

100 жастағы Дәмеш Қаратаева ауруханадан шығарда өзін емдеген дәрігерлерге алғыс айтып, батасын берді.

Мені емдеп, қолдау білдіріп жатқан ақ халатты абзал жандарға рахметімді айтамын, айналайындар! Өмір жастарың ұзақ болсын! Менің жасымды берсін, әумин! Еліміз тыныш болып, көркейе берсін, – деді кеуана.

И. Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 санатты дәрігері Дания Насырбекованың айтуынша, науқастың өкпесі 25%-ға зақымданған.

Науқас коронавирустық инфекциясы диагнозымен, өкпесінің 25% зақымдануымен түсті. Ауруды жеңудегі басты нәрсе – әжейдің өмірге деген құштарлығы, – деді ол.

Д. Қаратаеваның немересі Нұрбол Жұмабеков әжелері 1 апта жөтеліп қоймаған соң, уайымдап, КТ аппаратына түсіргендерін айтады. 

Өкпесі 25% зақымданған. Өзім дәрігер болған соң басқа бәрігерлермен кеңесіп, жедел түрде ауруханаға жатқыздық. Телефонмен сөйлесу барысында жағдайының жақсарғанын байқадым. Әжеміздің қаншама немерелері, шөбере, шөпшектері бар. Барлығы ақ халатты жандарға алғыстарын айтуда, – деді ол.

Айта кету керек, Дәмеш әже өзінің 100-ге келген туған күнінде ауруханадан шығып отыр. Қос қуанышы қатар келген кейуананы аурухана мамандары гүл шоқтары мен сыйлықтарын беріп, шығарып салды. Ал асыл әжесінің шаңырақтарына оралғанына жақындары аурухана әкімшілігіне зор алғысын айтты.
 

Өзгелердің жаңалығы