Алматыда 100 мыңнан астам бала тегін спорт үйірмелеріне қатысып жүр

2 Наурыз 2022, 20:24
1621
Бөлісу:
Алматыда 100 мыңнан астам бала тегін спорт үйірмелеріне қатысып жүр

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда балалар мен жасөспірімдер үшін 1763 спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелері жұмыс істеп тұр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыру қолданылады және Алматы қаласының әкімдігі қабылдаған барлық міндеттемелер толық көлемде орындалып жатыр.

Бүгінде мемлекеттік тапсырыспен 100 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер (спорт және шығармашылық) қамтылды, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға 1763 спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер тартылды,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, уәкілетті орган – Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыстың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр екен.

 

Өзгелердің жаңалығы