Алматыда 100 мектеп автобусы қатынайды

10 Тамыз 2023, 07:46
795
Бөлісу:
Алматыда 100 мектеп автобусы қатынайды

Алматыда мектепке жетуі қиын оқушыларды тасымалдау үшін 100 мектеп автобусы сатып алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Мектеп автобусы» жобасы қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда алғаш рет жүзеге асырылуда. Жоба мектептен шалғайда тұратын кішкентай оқушыларға арналған. 

Автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай, оларда авариялық шығу жолы, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус және т.б. бар. Балалар мұғалімнің қарауымен және балаларды тасымалдау ережелеріне сәйкес тасымалданады.

Бірқатар мемлекеттік мектептер 1 қыркүйектен бастап жүретін мектеп автобустарымен қамтылады. 20 орындық автобустар жолдары тар тауларға қарай жүреді. Мектептер бағыттарды, балаларды алып кету уақыты мен аялдамалар санын әзірлеп қойған. 1 балаға бір орын қарастырылған, бәрі отырып барады, – дейді Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы